«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

https://www.instagram.com/karamendi_batyr_mektebi/

 

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100044536393126

Қараменді Батыр Негізгі Мектебі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып мұғалімі лауазымына бос орын

Хабарландыру

Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қарамеңді батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі лауазымға конкурс жариялайды

- Бастауыш сынып мұғалімі

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, үш жылдан бергі педагогикалық жұмыс өтілі;

Лауазымдық міндеттері

 

 

Білім алушыларды оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру"тұжырымдамасы негізінде оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі.

Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.

Қысқа мерзімді жоспарлар, Бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды.

Электрондық журналдарды толтырады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделейді.

Арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестерге қатысады.

Ата-аналарға кеңес береді.

Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.

Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика мен психология;

пәнді оқыту әдістемесі, Тәрбие жұмысы, Оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитарлық ережелер мен нормалар.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: құжаттар осы хабарландыру мектептің ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде Қарамеңді батыр ауылы, 190-пәтер, 005-құрылыс Мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш осы Қағидаларға 3 -;

 

2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

 

3) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

 

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

 

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

 

7)біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса) Зәкір

 

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; ;

 

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

 

10) тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса);

 

11) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

 

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

 

Байланыс телефондары:

 

87781231336-мектеп директоры Суранчинова Қарашаш Каироллиновна

Жаңартылған күні: 24.02.2022 17:31
Құрылған күні: 24.02.2022 17:31

Текст