«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушының оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

Білім алушының оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар:

  1. Білім алушылар сабақ кестесін синхронды және асинхронды форматта сақтайды және өздерінің оқу күнін жоспарлайды.
  2. Күн сайын кестеге сәйкес сабақтарға/оқу сабақтарына қатысады.
  3. Орындалған оқу тапсырмаларын Интернет - платформалардың, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы тіркейді немесе электрондық пошта арқылы жібереді.
  4. Педагогтің тапсырмалары бойынша түсініктемелерін зерделейді және оның ұсыныстарын орындайды.
  5. Сынып жетекшімен байланыста болады.
  6. Мұғалімдермен кез-келген қол жетімді режимде жұмыс істейді, қажет болған жағдайда мұғалімге туындаған сұрақтарды жібереді.
  7. Компьютерлік жабдықтың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды сақтайды.
  8. Оқу режимін, қысқа үзілістер, демалыс және ұйқы режимін сақтайды.

Қашықтан оқыту кезіндегі баланың жұмыс орны

Баланы қашықтан оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар және ата-аналардан кейбір ережелерді ескеруді талап етеді.

Біріншісі - сіздің пәтеріңіздің жағдайында мүмкіндігінше арнайы оқу кеңістігін құру.

Сіз баланың жұмыс орнын қай жерде жақсы орналастыру керектігі туралы ойлануыңыз керек. Ол бірнеше маңызды талаптарға жауап беруі керек:

- жұмыс үстелі табиғи жарыққа жақын болуы керек;

- баланың жұмыс орны жас балалардың қол жетімділігінен алыс орналасуы тиіс;

- жабдық үй жануарларына қол жетімді болмауы керек;

- жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдануға болады, жарық жоғарыдан пернетақтаға түсуі керек;

- жетекші қолдың жағында (әдетте оң жақта) баланың қолмен жұмыс істейтін үстеліне, қағазға жазу үшін орын қалдыру керек.

Баланы компьютерде жұмыс істеуге үйрету сабақтарына қызығушылық таныту өте маңызды. Бұл сіздің балаңызға оқудың алғашқы кезеңінде білім беру қызметін жүзеге асыруға көмектесуге мүмкіндік береді.

Сабаққа арналған киімді таңдаңыз.

Жаңартылған күні: 24.09.2020 13:36
Құрылған күні: 24.09.2020 13:36

Текст