«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Антикоррупционная политика

/public/files/2023/6/6/060623_112847_.DOC 20230606 WA0050_

«Қараменді батыр  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы          

  _____________ _____

 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Ақмола облысы білім басқармасының

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі

«Қараменді батыр  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»

КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереже

 

 

Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы үлгі ереже (бұдан әрі-ереже) «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (бұдан әрі-мектеп) комплаенс-қызмет  заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»

КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектілері мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;

3) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

5) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.

2. Мектепте негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшені немесе жауапты тұлға квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен, көрсетілген органдар болмаған жағдайда, мектеп директоры айқындайды.

 

2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің мәртебесі

         4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттіктерін квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

         5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке әдіснамалық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

         6. Егер Заңмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттармен осы Үлгілік ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленген жағдайда, осы талаптар мен тәсілдерді мектеп директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органы, көрсетілген органдар болмаған жағдайда мектеп директоры бекітеді.

 

3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері

         7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

 

         8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:

 

         1) Мектеп қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;

         2) Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

          3) Мектепте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

5) Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

 

9. Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

 

         1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;

         2) басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;

         3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің ақпараттық ашықтығы;

         4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;

         5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;

         6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;

         7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.

 

         10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары:

 

         1) Мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;

         2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;

         3) Мектепте мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеудің ішкі саясаты;

         4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;

         5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;

         6) Мектеп қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжат;

         7) корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжат;

         8) Мектеп сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпарат жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

         9) "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына нормативтік құқықтық актілерді сәйкес мектеп қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;

         10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және мектеп директоры бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысады;

         11) мектепте анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларға мониторингті жүзеге асырады;

         12) мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;

         13) мектептің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;

         14) мектеп қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

         15) мектеп ұжымында жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

         16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;

         17) мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлейді және жүргізеді;

         18) мүдделер қақтығысын, оның ішінде мектепке жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

         19) мектептегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және / немесе оларға қатысады;

         20) мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг пен талдау жүргізеді;

         21) мектеп директоры анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, мектептің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар енгізеді;

         22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, мектептермен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

 

11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің құқықтары

 

1)  ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұратады және алады;

2) көрсетілген органдар болмаған жағдайда, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шығаруға бастамашылық жасайды;

3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;

4) қызметкерлерінен қызметтік тергеу шеңберінде жазбаша түсіндірмелер беруді талап етеді;

5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

6) өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;

7) мектеп қызметкерлерінің мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлауы не мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін ақпараттандыру арналарын құрады;

 

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттері

 

1) мектеп және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса, құпиялылығын сақтайды;

2) мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексінің және өзге де ішкі құжаттардың бұзылуының болжамды немесе нақты фактілері бойынша жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

3) мектеп директорлар кеңесін, байқау кеңесін (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органын, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда, мектеп директоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына белгілі болған дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлайды;

5) мектеп белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;

6) қызметтік және кәсіби этиканы сақтайды.

 

4-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі

13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет мектепте қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпаратты тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет мектеп директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда, басшысына мерзімді түрде есеп береді.

 

10-12 мамырда мектепте "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі"суреттер байқауы өтті

«Адал ұрпақ» жұмыс жоспары аясында 5-9 сынып оқушылары арасында «Адал және өшпес еңбек бейнесі» атты сурет көрмесі өтуде.
5 «A» сынып оқушылары
Сынып жетекші: Дуйсенова С.Б.

28 қыркуйек айында Бұл палата сыбайла жемқорлыққа қарсы күресетін тиімді тәсілдері пікір сайсы өтті. Мақсаты: сыйбалас жемқорлықтың өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін және экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектеп, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететінін атап көрсету. Сонымен қатар сыйбалас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейі мен сапасын арттыру маңыздылығын түсіндіру. 

 

2022-2023 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы /Название мероприятия

Мерзімі /Сроки

Жауапты /Ответственные

1

Клубты қалыптастыру/ Формирование клуба

Қыркүйек /Сентябрь

Тәлімгер/Вожатая  Аубакирова А.Б

2

Жұмыс жоспарын бекіту /Утверждение плана работы

Қыркүйек /Сентябрь

Мектеп директоры/Директор школы Суранчинова К.К.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі /Зам по вр  Сатвалдинова Д.Ш.

3

"Парасатты азамат" бұрышын безендіру/Оформление уголка «Парасатты азамат»

Қыркүйек /Сентябрь

Сынып жетекшілері

4

Клуб Отырысы /Заседание Клуба

Қыркүйек /Сентябрь

Аубакирова А.Б

5

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен "кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі"әңгімелесу/Беседа с инспектором по делам несовершеннолетних «Административная ответственность несовершеннолетних»

Қыркүйек /Сентябрь

ИДН Целиноградского района Булегенов А.Б.

6

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы/

Конкурс рисунков " Образ честного и неподкупного труда»  

Қыркүйек /Сентябрь

Сынып жетекшілер

7

«Адал болу адамға не үшін қажет?» / дөңгелек үстел

«Зачем человеку быть честным?»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

8

«Ізгі тілектер қабырғасы»   акциясы/Акция «Стена добрых пожеланий»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

9

"Мәселелер жинағы" акциясы/Акция «Копилка проблем»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

10

Қазақстандағы волонтерлік " дөңгелек үстелі/Круглый стол «Волонтерство в Казахстане»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

11

"Қазақстан көрші мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуі тиіс"пікірталас практикумы/Дискуссионный практикум «Казахстан должен оказывать гуманитарную помощь соседним государствам»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

12

"Менің құқығым бар"викторинасы/Викторина «Я имею права»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

13

"Қарттар күнімен"бейнеқұттықтаулар/Видеопоздравления «С днем пожилых людей»

Қазан /Октябрь

Аубакирова А.Б

14

«Қайырымдылық қорабы " акциясы/Акция «Коробка милосердия»

Қараша /Ноябрь

Аубакирова А.Б

15

"Алимент" әлеуметтік бейнеролигін көрсету/Показ социального видеоролика «Алимент»

Қараша /Ноябрь

Аубакирова А.Б

16

"Мен ата-аналарға қалай көмектесемін"акциясы/Акция «Как я помогаю родителям»

Қараша /Ноябрь

Аубакирова А.Б

17

Сыртқы түрі, дәптерлер, оқулықтар, кабинеттер Рейд /Рейд внешнего вида, тетрадей, учебников, кабинетов

Апта сайын/ Еженедельно

Аубакирова А.Б

18

"Мен өз құқығымды білемін"викторинасы/Викторина «Я знаю свои права»

Қараша /Ноябрь

Сынып жетекшілер

19

"Қазақстан жастарының мемлекет алдындағы моральдық міндеттері бар"тақырыбындағы пікірталас практикумы/Дискуссионный практикум на тему «У молодежи Казахстана есть моральные обязанности перед государством»

Қараша /Ноябрь

Аубакирова А.Б

20

"Ұрлықтың алдын алу"," Құқық бұзушылық алдын алу"бейнероликтерін көрсету/ Показ видеороликов «Профилактика кражи», «Құқық бұзушылық алдын алу»

Желтоқсан/ Декабрь

Аубакирова А.Б

21

"Бостандық-Тәуелсіздікке апаратын жол"пікірталас практикумы/Дискуссионный практикум «Свобода это путь к независимости»

Желтоқсан/ Декабрь

Аубакирова А.Б

22

"Азаматтарды сайлауға қатысуға тартудың тиімді тәсілдері"пікірталас практикумы/Дискуссионный практикум «Эффективные способы привлечения граждан к участию в выборах»

Желтоқсан/ Декабрь

Аубакирова А.Б

23

Клуб Отырысы /Заседание Клуба

Желтоқсан/ Декабрь

Аубакирова А.Б

24

"Тарих білгірлері"викторинасы/Викторина «Знатоки истории»

Желтоқсан/ Декабрь

Аубакирова А.Б

25

Біздің таңдауымыз - құқықтық мемлекет "дөңгелек үстелі/Круглый стол «Наш выбор -  правовое государство»

Қаңтар/ Январь

Аубакирова А.Б

26

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"суреттер байқауы/Конкурс рисунков «Мы против коррупции»

Қаңтар/ Январь

Аубакирова А.Б

27

Флешмоб " Айтайық

"Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"/Флешмоб «Скажем

«НЕТ»коррупции в школах»

Ақпан /Февраль

Аубакирова А.Б

28

Еріктілер қозғалысы

тарату сыбайлас жемқорлыққа қарсы

брашюр /Волонтерское движение

раздача антикоррупционных

брашюр

Ақпан /Февраль

Аубакирова А.Б

29

 Эссе байқауы «Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек»/Конкурс эссе «Госуд 

 

арственная служба-добросовестный труд в интересах страны»

Наурыз/Март

Аубакирова А.Б

30

Клуб Отырысы /Заседание Клуба

Наурыз/Март

Аубакирова А.Б

31

"Транспарентті және есеп беретін мемлекет"бейнероликтер конкурсы/Конкурс видеороликов «Транспарентное и подотчетное государство»

Сәуір/ Апрель

Аубакирова А.Б

32

Клуб Отырысы /Заседание Клуба

Мамыр /Май

Аубакирова А.Б

 

 

2018-2019 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлықтың

Алдын алу мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары

Іс-шаралардың атауы

Мерзімі

Қатысушылар

Жауаптылар

1

«Адал Ұрпақ» ерікті мектепшілік клубы қызметін ұйымдастырушысы

Қыркүйек

9 «А» -9 «Б»

Сынып жетекшілері

2

Мектеп тәрбиелеушілік жұмысы жоспарын,сынып жетекшілер жұмысының жоспары, «Адал Ұрпақ» ерікті клубының жұмыс жоспарын құру

Қыркүйек

1-9

Сынып жетекшілері

3

Үнемі жаңартылатын  «Парасатты азамат» бұрышын құру

Қыркүйек

1-9

Сынып жетекшілері

4

Оқушылардың адамгершілігі мен құқықтық мәдениеті жоғарлатуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары

Қыркүйек

1-9

Сынып жетекшілері

5

Құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтың алдын алу мәдениетін соның ішінде сыбайластық жемқорлық қалыптастырудағы отбасының ролі туралы сынып ата-аналар жиналысы

Қыркүйек-Қазан

1-9

Сынып жетекшілері

6

 «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы

Қыркүйек

9 «А» -9 «Б»

Сынып жетекшілері

7

 «Қазақстан-құқықтық мемлекет» айлығы:

Елдің сайлау құқығы ұстанымына сәйкес   «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рольдік ойын

 «Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырып бойынша мемлекеттік қызмет ардагерлерімен,мемлекеттік қызметкерлермен кездесу

 «Біздің таңдауымыз-құқықтық мемлекет» құқықтық мемлекеттің қызмет атқаруының базалық ұстанымы біздің елде құқықтық мемлекеттің қызметін атқару ерекшелігі туралы дөңгелек устел

Қазан

1-4

 

 

5-8

 

 

 

 

9 «А» -9 «Б»

Сынып жетекшілері

 

Сынып жетекшілері

 

 

 

Сынып жетекшілері

8

  «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы

Қараша

5-6

Сынып жетекшілері

9

  «Мемлекеттік қызметті алу туралы» іскер ойын

Желтоқсан

5-8

Сынып жетекшілері

10

 «Сыбайлас жемқорлықтың құқықбұзушылық картасы»

Қаңтар

9 «А» -9 «Б»

Сынып жетекшілері

11

Сананы,намысын,адамгершілікті,жауапкершілікті және басқаны да насихаттауға бағытталғын театралдық қойылым

Ақпан

1-4

Сынып жетекшілері

12

« Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесін адал еңбек» эссе байқауы

Наурыз

    9 «А» -9 «Б»

Сынып жетекшілері

13

«Транспаренттық және есепті мемлекет» бейнероликтер байқауы

сәуір

9 «А» -9 «Б»

Сынып жетекшілері

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:47
Құрылған күні: 06.06.2023 11:29

Текст