https://www.instagram.com/karamendi_batyr_mektebi/
https://www.facebook.com/profile.php?id=100044536393126
Қараменді Батыр Негізгі Мектебі
Қарамеңді батыр ауылының жалпы орта мектебінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша өткізілген іс шаралар есебі
Қарамеңді батыр ауылының жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақын - жазушылардың туған күніне орай мәнерлеп оқу 5-9 сыныптар арасында онлайн түрде өтті. Апта сайын әдебиет әлемі көркем әдебиет оқу іс шарасы 5-6 сыныптар арасында өтіп жатыр.Сабақтан басқа үлкен үзіліс кезінде 15 минуттық оқу іс - шарасы өтеді.Іс - шараға барлық сынып оқушылары қатысады. Мектептердегі пайдалы іс шараның бірі – буккросинг.Бұл іс шара біздің мектепте де өтеді.Барлық сынып оқушалары буккросингқа белсене қатысады.
Апталық іс-шараға келетін болсақ,Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай инстаграм желісінде Мұғали өлеңдерін мәнерлеп оқу шеруі өтті.Бұл іс шараға белсене қатысқан 5- сынып оқушылары Бигельдинова Жаннур мен Танатқызы Айкөркем.Мектеп қабырғасында Сейфуллин оқулары және басқа да ақын жазушылардың туған күніне орай ұйымдастырылған іс шаралар өтеді.Ақын,жазушылардың өнері мен шығармашылығын қамтып оқушылардың ізденісі мен оқуға құштарлығын арттыру біздің басты міндеттеріміздің бірі.