«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

https://www.instagram.com/karamendi_batyr_mektebi/

 

 https://www.facebook.com/profile.php?id=100044536393126

Қараменді Батыр Негізгі Мектебі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің есебі

05.07.2022

/public/files/2022/7/5/050722_091507_ayglekeseb-lagery-1.pdf


                        «Айгөлек»   жазғы  сауықтыру лагерінің    есебі
                                                     I  ауысым
Маусым   айының бірінші жұлдызынан  бастап   ,  «Кел танысайық»  ойыны арқылы   лагерге  келген  балақайлармен  танысу  кезеңдерімен бастадық содан  кейін лагедің  бірінші  ауысымының  ашылу   салтанаты бойынша «Көңілді жаз»    атты  шағын   концерттік бағдарламамен    бастадық.  Балалар  өздеріңнің  өнерлерін көрсетті.  Мың  бұралып  әдемі  би  биледі, мәнерлеп өлеңдерін жатқа оқыды.  Мектебіміздің күміс көмей әншілері    нақышына келтіріп  ән орындап берді.   Балалардың ата-аналары   жақсы  көңіл  күйде болды.  «Сыйқырлы  бор»   атты  ойында   балалар  асфальтқа  түрлі   әдемі  суреттер  салу арқылы  өз  өнерлерін  көрсетті.   Жақсы  салған   балаларға сыйлықтар таратылды.   Сонымен  қатар  әртүрлі қозалыс ойындары  ойнатылды.  
Келесі  екінші  күні : Таңертеңгілік  жаттығулар   жасаудан  бастап, «Ізгілік шуағы» атты іс-шара  жалғасын тапты. Балалар – біздің  еліміздің болашағы екені айтылды. Біздің мемлекет әр баланың денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше назар аударатыны жайлыда айтылып өтті. Осы іс-шарада  балаларға қайырымдылық пен мейірімділік біздің қанымызға сіңіп, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып келе жатқан дәстүр екені туралы толық  мағұлмат берілді. Балалар  өздерінің адамға қалай қайырымдылық  жасайтындарын  асфальтқа сурет салу арқылы  жеткізді.                                          
Асфальттағы  суреттерді қарап-ақ  балалардың  ойын бірден түсінуге болады.
Тәрбиешілер:Зияш Б,  О.В.Вегнер  «Адам-адамға», «Достық» туралы  ойындар ұйымдастыра білді.
Келесі  үшінші  күні:  таңертеңгілік  жаттығумен  бастадық. Әдемі  музык әуендермен  би  билеп  қозғалыс жаттығуларын жасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығын мерекелік қарсаңында «Айгөлек»  жазғы сауықтыру лагерінде  « Елім  менің Қазақстан»  атты   тәрбие сағатымен  бастадық. Оқушылар тәрбие сағатының ашылуын мемлекетіміздің әнұранымен бастап ашты.  Бұл  тақырыпта  балаларға қазақстанның рәміздері  туралы  айтып  таныстырдық.   Рәміздердің суреттерін  көрсетіп, авторларымен  таныстырып өттік.  Балаларда өздерінің білетіндері  жарыса айтып отырды.   Соңында   рәміздер   туралы  өлең жолдарын   нақышына келтіріп    жатқа  айтты. Отан туралы  әдемі  әндер  айтылды.                  
Кейбір  балалар  рәміздердің суреттерін   түрлі-түсті  бояулар арқылы салып  көрсетті. Қолдарына  көк туымызды ұстап,өздерінің отанға деген сүйіспеншіліктерін, туды қалай құрметтейтіндерін көрсетті.
Келесі төртінші  күн таңертеңгілік жаттығулардан бастап,  «Таңғажайып әлем күні өткізілді.  Балалар би биледі, әртүрлі қызықты ойындар ойнады. Сонымен қатар «Жасырылған қазынаны іздеу» ойыны өткізілді.  Балалар орманның ішінен жасырылған кәмпиттерді іздеп табу жолдарын қарастырып ойнады. Тауып алған заттарды  балаларға түгелдей үлестірілді.. Ойын балаларға өте қызықты болды. Бұл ойын балаларға жағымды көңіл күй сыйлады. 
Бесінші  күн:  «Отбасы- бақыт мекені»  күні өткізілді.  Балаларға отбасы туралы шағын мағұлматтар берілді. Отбасына байланысты қызықты тапсырмалар  берілді. Мысалы: Жұмбақтар шешу, мақал-мәтелдер айтып жарысу, отбасы туралы өлеңдер оқу. Оқушылар тапсырмаларды қызыға орындады.Сонымен қатар табиғат аясында  демалу ұйымдастырылды. 
 Балалар табиғат аясында жақсы демалды. Мектебіміздің  медбикесі: Жумабекова Гулбарам Ермековна таза ауа адам денсаулығына  қандай пайда беретіні туралы қысқаша  мағұлмат беріп, балалардың денесін шынықтыратын әртүрлі қызықты ойындар ойната білді.  Балалар табиғат аясында керемет көңіл күймен демалды.
Алтыншы күн: Таңғы жаттығудан кейін  «Жасыл досыңды қорға» күні өтілді. Бұл іс-шарада балалар өсімдіктерді қалай қорғап , күтіп  баптау керектігі жайлы  танысты. Өсімдіктердің адам баласына тигізетін пайдасы туралы білді.  Мектептің алаңындағы өсімдіктерді күтіп ,баптауға көмектесті.  Сыныптағы  бөлме өсімдіктерінде суғаруға  атсалысты. 
         
Жетінші күн:  Таңғы жаттығулардан басталды. Тәрбиешілердің көмекші шәкірттері оқушыларға әртүрлі қызықты жаттығулардың қимылын көрсетіп, қызықтыра билете білді. «Менің туған өлкем»  күні өткізілді.  Балалар  өз туған өлкелерін қағаз беттеріне түсірді.Туған жер туралы  толық мағұлматпен  О.В. Вегнер және    
Зияш Б  таныстырып өтті. Сонымен қатар «Ертегілер әлеміне саяхат» атты   интеллектуалды ойындарды  кітапханашы: Т.С.Сембина және тәлімгер: Д.Ш.Сатвалдинова өткізді. Балалар ертегілерден «Кім жылдам» ойыны арқылы мозайкалар құрастырып, жарысып ойнады. Жеңімпаздарға тәрбиешілер: Зияш Б , Вегнер .О.В  тәттілерді  үлестіріп берді.
Сегізінші күн:  Таңертеңгі жаттығулар.  «Салауатты өмір  ғасыр ұраны»  күні өткізілді.    
Денсаулыққа байланысты қызықты эстафеталық жарыстарды 
Вегнер О.В, Зияш Б, Жумабекова Г.Е  өткізді.  Балалар жарысқа қызыға қатыса білді.Жеңімпаз болған командаларға тәттілер үлстірілді.Сонмен қатар  қазақ тіл пәнінінің мұғалімі:Э.Т.Макишева және ағылшын  пәнінінің мұғалімі:
 Ж.Р. Ханафина  балаларға  зияткерлік ойындар ұйымдастырды.     
«Кім  тапқыр» ойынын ойната отырып, суреттегі заттарды  үш тілде кім тез тауып айтса сол тапқыр болады деп ойнату арқылы  балалардың  тілді қандай деңгейде меңгергендерін анықтады.. Балалар  өздеріне берілген тапсырмалады толық орындап шықты. Барлық тапсырмалар  балаларға қызықты болды. Жақсы қатысқандарға тәттілер үлестірілді.
Тоғызыншы күн: «Жас ғалым» атты іс-шара өтілді. Бұл іс-шараны психолог.: Әшім О.Х  және қазақ тілі пәнінінің мұғалімі:  Сейткужина А.К  ұйымдастырды.
       
. Психолог: Әшім О.Х  қызықты тренинг және  қозғалысқа арналған жаттығулар ұйымдастырды. Қазақ тілі мұғалімі : Сейткужина А.К  интеллектуалды ойындар өткізді. «Ғалым менің көзіммен»  атты  сурет байқауын өткізді. Іс-шараның  соңында балаларға тәттілер үлестірілді.
 Оныншы күн:  «Жазғы саяхат»   күні өтілді.  Тәрбиеші: О.В.Вегнер және  мектебіміздің медбикесі Жумабекова Г.Е  балаларды   Родина ауылына экскурсияға  бармас бұрын өмір қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтті.                                                                                                                     
Жауапты   педагог ретінде мектеп тәлімгері Сатвалдинова Д.Ш және мектеп психологі Әшім .О.Х-ға жүктелді. Родина ауылындағы экскурсия балаларға қатты ұнады.  Балалар алаңдағы   қызықты ойыншықтармен ойнады. Ауылдың ішін аралап танысты. Балаларға эксурсия  қатты ұнады.
Он бірінші күн:   « Таланттар әлемі» атты  лагердің жабылу салтанаты өтті.  Балалар өздерінің өнерлерін  көрсетті.
    
 Біреуі әдемі би билесе, біреуі тамылжытып ән салады, біреуі нақшына келтіріп өлең оқиды .
«Кәне, балақай көзіңді жұмып сурет сал» атты ойын ұйымдастырылды. лдлды  
 Балаалар қызығушылықпен көздерін жұма отырып, әдемі сурет салды. Коцерттік бағдарламаның соңында  тәрбиешілер: Вегнер О.В, Зияш Б және тәлімгер Сатвалдинова Д.Ш, психолог   Әшім .О.Х , медбике Жумабекова Г.Е  балаларды мақтау қағазымен  марапаттады. «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің кішкентай  демалушыларына тәтті шоколадттар үлестірліп берілді. Балалар  үйлеріне жақсы көңіл күймен  кетті.

Тәрбиешілер:   Зияш Б ,   Вегнер О.В
    



















 

Просмотров: 48


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст