«Ақмола обласы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі «Қараменді батыр  ауылының жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Караменды батыра отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қараменді батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні " акциясының өткізілген жұмысы бойынша есеп.

14.12.2022

Акция аясында "Қараменді батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де балалар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, оның ішінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуды тәрбиелеуге бағытталған бірқатар сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді:

07.11.2022 Ж. сынып жетекшілері "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"атты сынып сағаттарын өткізді.

https://www.instagram.com/p/Ckxs9a0ML3S/?igshid=MDJmNzVkMjY=

07.11-30.11.2022 бастап бастауыш сынып оқушылары "Қатыгездіксіз әлем" және "Мен және менің құқықтарым"суреттер көрмесін ұйымдастырды.

https://www.instagram.com/p/CliXizFshHd/?igshid=MDJmNzVkMjY=

10.11.2022 ж.балаларды өз құқықтары мен міндеттері туралы білім беру мақсатында Корейба Н. қамқорлық фракция  және Фогус А ақпарат фракция оқушылары "Балалар құқықтары туралы конвенция-балаларды қорғайтын заң" жадынамаларын таратып, "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" бапқа назар аударды.

13.11.2022 ж.тарих пәнінің мұғалімі Жанулу Асель Алексеевна 7-9 сынып оқушыларымен "Менің құқықтарым-менің міндеттерім" атты дөңгелек үстел өткізді, дөңгелек үстелде жынысы бойынша кемсітушілік мәселелері талқыланды.

https://www.instagram.com/reel/Ck6Ma5yDOuT/?igshid=MDJmNzVkMjY=

16.11.2022 ж. Мектеп президенті Ысқақ Ақниет бастауыш сынып оқушыларымен "Бастауыш сыныптардың буллингке қатынасы" сауалнамасын жүргізді, бастауыш буыннан бастап оқушылар "Буллинг" ұғымын және оның алдын алу шараларын меңгерген.

https://www.instagram.com/reel/ClAa-hYqodm/?igshid=MDJmNzVkMjY

17.11.2022 ж. информатика пәнінің мұғалімі Бекмурзаев Азамат Фархадұлы және Фогус Ар ақпарат фракция оқушысы "Интернеттегі қауіпсіздік", "Кибербуллинг"акциясын ұйымдастырды.

18.11.2022 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Ш. Сатвалдинова 5-9 сынып оқушыларымен "Барлығы сенің қолыңда" психологиялық тренинг өткізді . Бұл тренингтің мақсаты: оқушының белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, болашақ өмірді жоспарлау және жетістікке жету.

18.11.2022 ж. пікірсайыс клубының жетекшісі Д. Ш. Сатвалдинова жоғары сынып оқушылары арасында "Қазақстандағы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімді әдістері" атты мектепішілік пікірсайыс турнирін ұйымдастырды, турнир барысында зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері мен әдістері талқыланды, зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері сипатталды.

https://www.instagram.com/reel/ClGTFMrjJuU/?igshid=MDJmNzVkMjY=

25.11.2022 жылдан бастап мектеп әкімшілігі "Түнгі ауылдағы балалар"рейдтік іс-шараларын өткізді. Профилактикалық әңгімелер өткізілді, аз қамтылған отбасы оқушыларының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары қаралды.

29.11.2022 жылы мектеп тәлімгері А. Б. Аубакирова бастауыш сынып оқушылары арасында "Егер не істеу керек" қауіпсіздік акциясын өткізді.

30.11.2022 жылы мектеп тәлімгері А.Б. Аубакирова "Қыз Жібек" қыздар клубының қатысушылары арасында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ"атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

02.12.2022 жылы Ақмола облысының медиаторы А.Т. Ибраева, Целиноград ауданының медиаторы А. Р. Балғожина, Жаңаесіл округінің медиаторы А. А. Кабаева, медиатор Т. Марат ата-аналармен және мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу ұйымдастырып, Медиация қызметінің түсіндірме әңгімесін өткізді, ұсынымдар берілді: тұрмыстық зорлық-зомбылық, шешілмеген жанжал болған жағдайда, осы қызметкерлерге хабарласуға болатындығы туралы түсіндіріме жұмыстары жүргізілді. 

Просмотров: 1289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст